Қазақстанда күн салқындап, жаңбыр жауады

Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, аптап ыстық аптаның ортасына қарай басылып, еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды.

Ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі тек солтүстік өңірлерде емес, оңтүстікте де байқалады.

Алматыда 6-7 қыркүйек күндері өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Аталған аймақта күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Ал Астанада сынап бағанасы күндіз 18-20 градусты, түнде 11-13 градусты көрсетеді.

«Алдағы тәулікте Еділ ауданынан циклон жылжиды. Соған байланысты республикамыздың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Екпінді жел соғады. Желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Циклонның артынан суық антициклон келеді. Демек, Қазақстанда ауа райы салқындайды»,- деді «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version