Басты бет Жаңалықтар Астанада ақындардың халықаралық айтысы өтеді

Астанада ақындардың халықаралық айтысы өтеді

13 қыркүйек күні сағат 15:00-де Астананың «Қазақстан» орталық концерт залында «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Додаға елімізге танымал әрі шетелден келген 16 ақын қатысады.

szh.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Алмановтың хабарлауынша, ақындар айтысы екі кезең бойынша өтеді:

  • Алғашқы іріктеу кезеңінде құрамы 7 мүшеден тұратын қазылар алқасы ақындардың айтыстағы сөз саптауына, ойының ұшқырлығына, ұтымды сөз таба алатынына қарай отырып, 8 айтыскерді анықтайды.
  • Екінші кезеңде осы 8 ақын бас жүлдені сарапқа салады.

Айтысқа Астана мен Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл, БҚО, ШҚО және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ, ҚХР, Ресей федерациясынан келген ақындар қатысады. Ақындардың жасына шектеу қойылмайды. Әрбір жұпқа 15-20 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

Бас жүлдеге шетел автокөлігі тігіліп отыр. Жүлделі орындармен бірге төрт ақынға ынталандыру сыйлығы беріліп, бір ақынға «Академик Жасан Зекейұлы атындағы арнайы жүлде» тапсырылады.

Айта кетейік, шараны ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қолдау көрсетуімен халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығы ұйымдастырады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version