Басты бет Жаңалықтар Бурабайда жыл басынан бері төтенше жағдайдан 188 адам құтқарылды

Бурабайда жыл басынан бері төтенше жағдайдан 188 адам құтқарылды

Аймақта суға шомылу маусымы басталғалы 24 адам суға кеткен. Олардың 9-ы кәмелет жасына толмағандар.

Осыған орай төтенше жағдай қызметкерлері өзен — көлдердің жағалауын аралап, халық арасында қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты үгіт — насихат жұмыстарын барынша күшейте түсуде.

Жыл басынан бері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жедел құтқару жасағының көмегімен 188 адам құтқарылған. Олардың 44-і жасөпірімдер мен балалар көрінеді.

Аймақтағы суға шомылу маусымы аяқталғанша күштік құрылым өкілдері рейдтік іс-шараларды ұдайы ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл облыс тұрғындарының жазғы демалысы уақытында қауіпсіздікті сақтап, төтенше жағдайдың алдын-алуға өзіндік үлес қоспақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version