Басты бет Жаңалықтар Бурабай ауданында «Балдәурен» орталығының жиыны өтті

Бурабай ауданында «Балдәурен» орталығының жиыны өтті

Өткен демалыс күндері лагерь аумағында ауысым-жиынының ашылуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиналғандар назарына театрландырылған қойылым, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шараның басты мақсаты балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттай отырып, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына құтқарушы мамандығы туралы кәсіби бағдар беру. Сондай-ақ төтенше жағдайлар бойынша мекемелер мен білім беру ұйымдары органдарының бірлескен жұмысын жетілдіру.

«Балдәурен» орталығында ұйымдастырылған жас туристер мен құтқарушылар жиынына еліміздің барлық аймағынан балалар шақырылған. Ауысым аяқталғанша оларға төтенше жағдайларда жұмылдырылатын арнайы техникалардың қызметі таныстырылмақ. Сөйтіп оқушыларға шұғыл жағдайларда өзін өзі ұстау мен іс жүзіндегі дағылар үйретілмек.

Жиын оқушылардың бойында жеке басының және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде әрі жауапкершілікпен қарау қасиеттерін қалыптастыруға негізделген. Көптеген сайыстар мен байқауларға белсене атсалысқан балалар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version