Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда бейнебақылау көмегімен 85 қылмыс әшкере болған

Көкшетауда бейнебақылау көмегімен 85 қылмыс әшкере болған

Қаладағы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы мүлтіксіз орталық бақылауына алынғандықтан,  бейнебақылау операторлары жазбаны зерттеп, зерделеп отырады.

worshipfacilities.com

Әр камера жазбасынан алынған бейнені бірнеше есе ұлғайтуға мүмкіндік бар. Мәселен, 100-150 метр қашықтықтағы адамның бет әлпеті мен көлік нөмірін толық экранға шығаруға болады. Қоғамдық орындардағы заңбұзушылық пен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздік белдігін тақпау, телефон арқылы сөйлесу деректерін анықтауға әбден болады.

Көкшетау қаласының жедел басқару орталығы 2006-шы жылдың 6-шы қазанында ашылған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған орталық тәртіп сақшыларының жұмысын жеңіл әрі жедел атқаруға мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде қала көшелері мен жол қозғалысындағы және қоғамдық орындардағы заңбұзушылықтар дереу анықталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version