Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда азаматтарды...

Талдықорғанда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Тұңғыш рет Талдықорған қаласында облыстық прокуратурада Конституция күніне орай азаматтарды қабылдау орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Азаматтарды қабылдау орталығы облыстық прокуратураның бақылау-өткізу пунктінің орнында бой көтерді. Орталықтың жұмысы «бір терезе» жүйесі бойынша жүзеге асырылады, яғни азаматтар барлық мәселелерін тек бір жерден шешу мүмкіндігіне ие болды. Осындай жаңа форматтағы жүмыстың арқасында жетісулықтар білікті заңгерлердің көмегіне тікелей жүгіне алады.

Жаңа орталық прокуратура мен халық арасында тығыз қарым-қатынасты орнатып, арадағы көп ресми рәсімдердің қысқаруына көмектеседі. Кезекші прокурорлар халыққа тікелей көмек көрсететін болады.

Орталықта азаматтар мемлекеттік мекеме басшыларына видео жазу арқылы сауалдарын қоя алады. Сондай-ақ, облыс тұрғындары прокуратураның барлық деңгейдегі басшыларының қабылдауына жазылуға мүмкіндік туғызылған. Азаматтар өтініштерінің қаралу барысы жайлы ақпарат пен жауаптардың көшірмелерін де ала алады.

«Жаңа орталықтың ашылуы халыққа сапалы қызмет пен қолжетімді заңға байланысты қызметтер көрсетіледі. Ең бастысы халық пен прокурорлар арасында ешқандай әкімшілік кедергілер болмайды. Бұл прокуратура қызметкерлерінің халықпен жұмыс жасаудың сапасын жақсартудағы маңызды қадамдарының бірі. Бұрынғы кездердегідей келушілер прокуратура алдындаңы ескте күтіп тұрмайды, себебі Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, кезектің электронды түрде жүруі де іске асырылған. Бұл екі жаққа да уақыт үнемдеу үшін тиімді», — деді Алматы облысының прокуроры Жылқыбаев Азамат.