Басты бетЖаңалықтарАқмола облысындағы...

Ақмола облысындағы сүт цехы күніне 5 тонна өнім өндірмек

Аудандағы «Рассвет» шаруа қожалығының қожайыны Александр Маслов iскер кəсiпкерлердiң бiрi. Шаруа қожалығы биыл 2 мың гектарға жуық алқапқа мал азығы үшiн екпе шөп, аздап дəндi дақыл сеуiптi. 200 iрi қара малы бар фермер тек егiн шаруашылығымен ғана айналыспайды.

Аудан орталығы Державинск қаласында шаруа қожалығының сүт өнiмдерiн шығаратын цехы бiрнеше жылдан берi табысты жұмыс iстеп келедi. Ресейлiк құрылғылар орнатылған цехта тəулiгiне бiр тоннадай сүт жəне сүт өнiмдерi өндiрiледi. Негiзiнен сары май, қаймақ, айран, сүзбе мен iрiмшiк шығарылады. Фермер алдыңғы жылы мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде жеңiлдетiлген несие алып, 200 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын салды. Өз меншiгiндегi сауын сиырлардың сүтi цехты толық қамтымайтындықтан, тұрғындардан сүт сатып алады.

Ал, тауарлы сүт фермасын ашу, соған орай мал басын көбейту сүт өнiмдерi цехын шикiзатпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Осы орайда, фермер мал тұқымын асылдандыруға да көңiл бөлмек. Шалғайдағы сүт өңдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мың тоннаға дейiн ұлғайтпақ — Ақмола облысы «Сүт цехын толық қуатына шығаруды көздеп отырмыз. Сол кезде, тəулiгiне бес тоннаға дейiн өнiм өндiрiлетiн болады. Өнiмдi сатуда еш кедергi жоқ», — дейдi Александр Маслов. Осы күнi аймақ басшысы жас дəрiгер мамандарды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауданға шақыру мəселесi жəне күзгi егiн орағы науқанына дайындық шараларына да көңiл бөлдi.

Айта кетейік, ауданда түрлі кәсіппен шұғылданатын 185 заңды тұлға тіркелген. Державинск қаласында “Авангард”, “Симба”, “Тұрмыс”, т.б. кәсіпорындар, “Агропромтехника” акционерлік қоғамы, нан зауыты, наубайхана, макарон, шұжық цехтары, диірмен, баспахана, Достық ауылында макарон, Львовское ауданында май, жарма өндіру, Уәлиханов ауылында диірмен, Пригородное, Фурманов ауылдарында май жасау цехтары жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығымен 24 серіктестік, 668 шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен 10 кәсіпорын шұғылданады. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 1161,4 мың га, оның ішінде егіндік 638 мың га, шабындық 15,1 мың га, жайылым 507,4 мың га (2000). Егін шаруашылығының басты салалары: астық, картоп, көкөніс егу.