Басты бет Қоғам Екі мың қазақстандық Мединаға аттанды

Екі мың қазақстандық Мединаға аттанды

Бүгін 2 мыңға жуық жерлесіміз қасиетті Мәдина шаһарына аман-есен жетті. Оларды Қазақстан қажылық миссия өкілдері күтіп алды.

©Baq.kz

«Қажылық миссиясындағы өкілдеріміз өз міндеттерін жақсы орындауда. Мединадағы топ мүшелері бір-бірімен ортақ байланыс жүйесі арқылы хабарласа алады. 17 турфирмаға бекітілген 17 дәрігер қажылардың денсаулығын жіті қадағалауда», — деп атап өтті Қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қажылар орналасқан қонақ үйлерді аралап, уағыз айтып, жерлестеріміздің жағдайымен танысқан болатын. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның турфирмаларға қойған талаптарының орындалу барысы да тексерілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version