Басты бет Қоғам Мектеп оқушысына айтылуы керек емес «керектер»

Мектеп оқушысына айтылуы керек емес «керектер»

Барлық ата-ана баласының үздік оқығанын, өзі ойлағандай идеал тұлға болғанын қалайды. Сондықтан болар, мектеп жасындағы балаларға тым көп талап қояды. Алайда, баланың қалауына да құлақ асқан жөн.

Бала тәрбиесінде «керек» деген сөз жиі қолданатындар ата-аналар баласының тілазар болып өсетінін байқаған. Тым қатал болу, талаптар қою баланың психологиясына кері әсер етеді. Сонымен, мектеп жасындағы балаға айтылуға тиісті емес «керектердің» тізімі төмендегідей:

  • Түсінбейтін еш нәрсесі жоқ, сенің мұны жаттап алуың керек;
  • Дәл қазір ұйқыға жат, ертең ерте тұруың керек;
  • Сенің басқа балалардан қай жерің кем, сен бәрінен бірінші болуың керек;
  • Мен мектепте үздік оқығанмын, сен де сондай болуың керек;
  • Жұрттың баласы бала сияқты, сен де сондай болуың керек;
  • Сен «бестік» алмасаң, мен басқалардан ұяламын;
  • «Ананың» баласымен дос болма, «мынаның» баласымен дос бол;
  • Сабағыңды оқып болмайынша, тамақ ішпейсің, теледидар көрмейсің;
  • Сен мен айтқан мамандықты таңдауың керек;
  • Сен өскенде танымал тұлға, бай болуың керек.

Балаңыздың болашағы жарқын болсын десеңіз, аталған сөздерді айтудан аулақ болыңыз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version