Басты бет Жаңалықтар Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның нағыз қабірі табылды

Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның нағыз қабірі табылды

Штаттан тыс жұмыс істейтін журналист Робин Акройд сенсациялық мәлімдеме жасады. Ол әлемнің жартысын өзіне бас игізген моңғол қолбасшысы «Шыңғыс ханның нақты жерленген жерін таптым» деп отыр.

Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның нағыз қабірі табылды

РОБИН АКРОЙД / СУРЕТ ДОМИНИК ПОНСФОРДТЫҢ БЛОГЫНАН АЛЫНДЫ

Акройд бұл туралы өзінің Genghis: Sacred Tomb, Secret Treasure (Шыңғыс: қасиетті қабір, құпия қазына – ауд. 24kz) кітабында жазды деп хабарлайды 24.kz.

Бұл кітапта келтірілген мәліметтерге сәйкес, Ұлы қолбасшының құпия жерленген жері – Моңғолияның солтүстік бөлігіндегі таудың шыңы. Бұл жерге оның немересі Қытайдағы Юань династиясының билеушісі болған Құбылай да жерленген болып шықты. Адамзат үшін аса маңызды ғылыми жаңалық жолында Акройдтың өзі 700 шақырым жерді атпен жүріп өтіп, Құпия жерленген қабір аймағына сапар шегіп, нағыз көшпендіге айнала жаздаған.

Оның айтуынша, 1227 жылғы тамызда Қытайдың солтүстік бөлігінде көз жұмса да, хан Шыңғыстың мәйіті Моңғолияға әкелініп жерленген.

«Бұрынғы кездері көз жұмған моңғол хандарын халқы көзі тірісіндегі барлық керек-жарағымен қосып, қастерлеп-қадірлеп жерлеген болса керек. Оның арасына, тіпті құнды заттарды салған болуы мүмкін», — дейді журналист.

Шыңғыс ханның қабірін Ұраңқай тайпасының сарбаздары күзетуге міндеттелген. Олар осы қызметі үшін барлық салықтар мен өзге әскери қызметтен толық босатылған. Осы арадан келіп, «Ұлы қолбасшының жерленген жерін көрген сарбаздардың басы шабылды» деген тарихи деректің жалған екендігі анықталды. Ежелгі моңғол тілінде жазылған мәтіндерді аударып шыққан Акройд, Шыңғыс ханның жерленген жері туралы тарихшылар осыған дейін айтқан деректердің шындыққа сай келмейтіндігін алға тартты.

Айта кету керек, оның бұл тұжырымын Моңғолия үкіметі қабылдап, қош көріпті.

31 пікір

  1. Шынгыс ханнын кабыры монголия баян ульгей аймагынын цэнгел ауылынын корымдык жеринде.осыдан 13 жыл бурын козы багып жургенимде, улкен бир кабирди кордим. Жайлап копарып корипедим аттын туягы шыкты.ары карай казып едим терен куыс екеен.карангылык тусип,жанбыр жауып найзагай жаркырап кетти ,корыктым ол кезде 12 жастагы бала едим.кеин 10жылдан кеин кайтып барып едим,ол кабирди таба алмадым.

    • Ой Алла ,алдар көседе алданып қалатын шығар мына сөзіңе

  2. Отирик айтып нем бареди кун жумада.коз корген аксакалдардын айтуынша бул кабирди казбакшы болгандардын баринин колдары калтырап калган деиди.сондыктан ол жерди елкимге айтпай жасырып келген.аздаган уакыт калды ол жердин ашылуына бавырм буган сен!маган сенбесен жамандыкка тап боласын

  3. Егер Шыңғыс хан қазақ болса сүйегі туған жеріне қойылған. Егер ол моңғол болса аты Цеденбал болу керек еді, Путин қазақ болар еді.

  4. Бул не деген дау-даумай! Шынгысханнын ким екенин сендер зерттединдер ма, дауласатындай

  5. Jaku men chinggis аты бар заттар сиздерге айтарым иригеннин аузынан шириген шыгады дд оте надан мадениетсиз екендеринди корсетип койдындар… Уяат ай!!!

  6. Маңғолияда Шыңғыс моласы жоқ! Манғолияны талай археолог ғалымдар,тарихшылар әбден iздеп болған. Ештеңе таба алмай,қойды аяғында. Шыңғысхан Қазақ жерiнде. Оны Қазақ жерiнен iздеу керек.

  7. Өткен адам өтті. Неге қабірін іздей беред? Қабірі табылса ашылса бір оқиға болады деп естіген едім. Ақсақ Темір қабірін тыңдамай ашқанда дүмие жузілік соғыс басталған екен. Қорқам. Неге адамдарға тыныштық жақпайды екен осы.

  8. Шынгысханнын кабирин тауып,ашкан куни аспан айналып,жерге туседи…Аксак темирдин кабирин ашканнан кейин не болганы белгили гой….оданда ешким таппай тыныш жата берсин!

  9. Шынгысханнын кабирин тауып алган дегени жалған мен монғолияда тұратын бауырластарыңызбын мен сол жерге барып қайтқанмын шылғи өтірік мәліметтер

  10. Шынгыс каган Монголды купия шежресинде ози айтып кеткендей, Егерде кимде ким Меним кабиримди тапса. Онда Алемге екинши бир Шынгыс каганнын Алемге келуине себеп болат.Мен Алемнин жартысын жауласам.Ол екинши каган бар Алемди жаулап алады. Бул соз Мынколды Шынгыс каганнын сози. Кимде ким Шынгыс каганнын кабирин табуга асыкан ажалына асыкан мен бирдей Оган еш куманиз болмасын.

  11. Дурысы оз жети атанын кабирин тап.басына белги кой.Шынгысханнын кабирин издегенше

  12. мен Моңғолияда турамын 9-шы сынып оқушысымын егер осындай жағдай болған болса жаңалықтардан көрсетер еді алайда еш нәрсе шықпады және де тағы айта кетерім Шыңғыс хан Монғол адам қазақ емес керек десеңіздер дәлелдеп беруге дайынмын

  13. Ассаламу алейкум Бауырларым бір біріңді жұлып жеп бара жатсындар гой койсаңдаршы уят емеспе табылса не болады екен ешнәрсе болмайды біреулер куып жазған табылса айша ойбай соғыс болады екен деп жатыр Алланың қалауы мен ешнәрсе болмайды оданда жақсы әңгімемізді айтып қазақтын атын шығарып жүрейік

  14. Мың жылға жақындап сүйегі қурап қалған Шыңғыс хаған да нелерің бар?оны зерттеу тарихшылардың міндеті, сендер ол үшін жаға жыртыспай ақ қойыңдар?алдымен Қазақ даласынан туып шыққан елі үшін құрбан болып ерліктері ескерілмей жүрген боздақтарымызды неге жан айқаймен айтпаймыз?

  15. Табылса да табылмаса да и табылмай кетсе де маған п…й)) баяғыдааааааа жоқ болып кеткен адамғой ол.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version