Басты бет Жаңалықтар Халықаралық «Silk way — 2017» би фестивалі қалай өтті?

Халықаралық «Silk way — 2017» би фестивалі қалай өтті?

Талдықорғанда 19 және 20 тамыз аралығында халықаралық би фестивалі өтті.  Бірінші күні іріктеу тур өтіп, үздіктер 20 тамыз күні «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өткен финалда анықталды.

©Өңірлік коммуникация қызметі

Іс-шара барысында, бишілер біліктілігін дамыту және шығармашылық потенциалдарын арттыру арқылы халықаралық деңгейге прогресс алды. Аталмыш би жарысына Еуропа мен Азиядан шақырылған қонақтар, кәсіби бишілер, чемпиондар мен Американың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары қатысты.

Байқау hip-hop 1*1, popping 1*1, house 1*1, all styles 3*3 (crew*crew), best show номинациялары бойынша өтті. Қазылар алқасы әлемнің әйгілі заманауи бишілерінен тұрды. Олар: Link (Линк) –АҚШ, Storm (Шторм) — Германия, Ykanji (Юканжи) – Франция.

«Қазақстанға алғашқы сапарым болып табылады. Осы «Жібек жолы» гранд фестиваліне қатысуға шақырылғаныма өте қуаныштымын. Қалаға келе сала мені жақсы қарсы алды, Талдықорған қаласы өте таза, әдемі қала, және тұрғындары қонақжай екен», –деді Франция бишісі Килласона.

Байқаудың қорытындысы бойынша SHOW PROFESSIONALS 3-орынды 200 000 теңге ақшалай сыйлығымен Middle Fam жайғасса, 500 000 теңге 2-орынды Каманов Камиль Fast Flow ұтып алды. Ал, ең басты жүлде 1 000 000 теңге мен 1-орынды Лозовой Олег JFK жеңіп алды.

Фестиваль соңынан Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар би мерекесімен құттықтап, жеңімпаздар мен номинанттарды марапаттады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version