Түгіскен ауылында бой көтерген спорт кешенінің құрылысын «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Көпбаев қаржыландырған. Жобаның құны – 110 миллион теңге.
Жаңа спорт кешенінде ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол, шағын футбол және күреспен айналыса алады. Жаттығу залы заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қайрат Көпбаев басқарып отырған «Мақсат» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырларының етті тұқымын өсіріп-бағумен айналысады. Бүгінгі күнде шаруашылықта отызға тарта адам жұмыс істейді.

Алла разы болсын!Азамат екен.!
Тәубе дейік бүгінгі ылғи жақсы хабарлармен басталды.Керемет қой бұл.Жарады азаматтар.Алла разы болсын.Мына дуниеде ананың қуанышын,балалардың қуанышын көргеннен артық бақыт барма?Ылғи да жақсы жаңалықтарымыз көп болсын.»Жақсы сөз ,жарым ырыс».Өміріміз гулденіп көркейе берсін.
Басқа да кəсіпкерлерге жұғысты болсын. Осы кісіден үлгі алып өзінің туған ауылын көркейтуге атсалыссын.
Азамат екен. Жарады! Алладан қайтсын!
Алланың нұры жаусын!!!