Түркиялық Бурай Қазақстанға келеді

«Құлпынайдың иісі» сериалындағы «Istersen» әнімен танымал әнші Бурай Қазақстанға келе жатыр.

©karnaval.com

Бұл туралы Бурай өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Түркиялық әнші 2016 жылдың желтоқсан айында да Қазақстанға келіп қайтқан болатын. Өткен жылы Бурай «Жыл таңдауы — 2016» гала концертіне келіп, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлімен бірге ән шырқаған болатын.

Қазақстанда берген сұхбатында «Менің ойымша, «Istersen» әнін өзгелерден гөрі қазақстандықтар ең көп тыңдайтын секілді» деген болатын.

Түрік әншісі сонымен қатар, қазақстандықтарға «Karatoprak», «Bir Omurlugum», «Kimsenin Sucu Yok», «Sonsuz Kilalim» әндерімен де белгілі. Бурай Түркияның өзге де танымал жұлдыздарымен Түркияның ұлттық күніне орай елордаға келіп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version