Басты бет Қоғам Семейде де жолақы қымбаттады

Семейде де жолақы қымбаттады

Семей қаласында қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттады. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

©inform.kz

Семейде қоғамдық көлікке мінудің құны 60 теңгеден 80 теңгеге көтерілді. Мектеп жасына дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады. Ал 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар және 70 жастан жоғары зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер сақталады. Аталған жеңілдік иелері бұрын 30 теңге төлесе, енді оның орнына 40 теңге төлеуі керек.

Автобус компаниялары соңғы үш жыл бойы талап етіп келген тарифті көтерудің қажет екендігін дәлелдеген. Шешімнің соңғы нұсқасын қалалық мәслихаттың барлық депутаттары қолдады.

Семей қаласы тасымалдаушыларының қоғамдық көліктердегі тарифті көтеру туралы ұсынысына орай өңірдің атқарушы билігі қоғамдық көліктердегі қызмет сапасының жақсартылуын талап етті. Өйткені, таяуда ғана Семей қаласында тасымалдаушылардың бірімен келісімшарт бұзылған болатын.

Осыған дейін, Қызылорда қаласында жолақы қымбаттап, Алматыдағы төлем жүйесіне өзгерістер енгізілген болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version