Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды.

©Forbes.kz

«Астананың Алматы аудандық №2 соты күдікті Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартты», — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Оған алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде пара алып, қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып, қамауға алынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version