GGG P4P рейтингінде топ жарды

TheSweetScience.com сайтының журналисі Мэтт Анджеевски салмақ дәрежесінен тыс әлемнің үздік үш боксшысының есімін атады.

«Мен Флойд Мэйвезер өз мансабын аяқтағандықтан, оған баға бермеймін. Бірінші орынға Геннадий Головкинді қоямын. Василий Ломаченко менің тізімімде екінші орында. Теренс Кроуфорд — үшінші», — деп жазды Анджеевский Твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығады.

1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекке қатысты мынадай коэффициенттер ұсынады: Головкин жеңісі — 1.68, Альварес жеңісі — 2.56, тең түсу — 23.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version