Басты бет Жаңалықтар Биыл Ақмола облысында 77 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды

Биыл Ақмола облысында 77 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды

Шағын шаруашылықтарды біріктірудегі басты мақсат - ет пен сүт сатып алуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға жағдай жасау. 

Бұл бағытта облыс аумағында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың өзінде өңірде 77 ауылшаруашылығы кооперативі құрылған. Оның 37-сі сүт және 40-қа жуығы ет бағытында. Атап өткен жөн, мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылдан бастап Қазақстанда субсидиялау жүйесіне бірқатар өзгерістер  енгізілді. Енді мемлекеттік қолдау негізінен шағын және орта кәсіп иелеріне көрсетіледі.  Мәселен, сүт жинайтын және өңдейтін қызметті жүзеге асыратын кооперативтер сүттің бір литріне 10 мың теңге көлемінде субсидия алады. Ал, ет бағытындағы шаруашылықтар  мал басы үшін 20 теңге алуларына мүмкіндіктері бар. Жалпы, қаржылық қолдаудың бірнеше түрлері қарастырылған.

Жаңа бағдарлама аясында Қазақстанда 670 мыңнан астам жеке шаруашылықты кооперативтерге біріктіру көзделіп отыр. Ал, Ақмола облысында соңғы жылдары 230 кооператив құрылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version