«Өткенге көз жүгіртетін болсақ, айдың тұтылуының болмағанына біраз болды. Соңғы толық тұтылу алты жыл бұрын орын алды. Тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні бізге тосын сый болмақ. Әзірге жартылай болса да. Жартылай дегенім, бұл түні жердің көлеңкесі Айдың жартысын жауып қалады. Яғни түн басталған кезде Ай толық болады, бірақ құбылыс дами келе, оның үлкен бөлігі байқаушылар үшін «жоғала» бастайды», — деді Солодовник Sputnik Қазақтанға берген сұхбатында.
Андрей Солодовниктің айтуынша, тамыз айы – ерекше ай болмақ. Себебі, бұл айда метеорлар ағыны, оның ішінде атақты Персеидтер ағынынын тамашалуға болады екен.