Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы Наурызбай ауданына жаңа су құбырлары орнатылмақ

Алматыдағы Наурызбай ауданына жаңа су құбырлары орнатылмақ

Үш жыл бойы салынған су құбырларының жұмысына Үкіметтен 7 млрд.теңге бөлінген.

©almaty-akshamy.kz

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында аталған ауданда 3 жылда 120-дан астам шақырым су, 80 шақырым кәріз құбырлары жүргізілген.

Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтің айтуынша, абоненттік бөлім арқылы аудан тұрғындары мекемелермен келісім шартқа отыруы тиіс.

«Қазіргі таңда абоненттік бөлім ашылды. Әрбір тұрғындар келіп өздерінің арыздарын жазып, қазірден бастап, болашақта су құбырына қосылу және кәріз құбырларына қосылу үшін белгілі мекемелермен келісім-шартқа отыру керек»,- деді Сайран Сайфеденов.

Айта кетейік, су беру жұмыстары тамыз айының соңында басталмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version