Басты бет Қоғам Имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріндегі табысқа байланысты — Министр

Имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріндегі табысқа байланысты — Министр

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында имамдардың қанша жалақы алатынын айтып берді.

«Еліміздегі имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріндегі табыс көлеміне тікелей байланысты. Мысалы, қалалық және облыстық мешіттердегі имамдардың жалақысы 70-80 мың, ал аудандық мешітердегі имамдардыкі 40-50 мың шамасында. Ауылдық жерлердегі имамдар 20-30 мың теңге жалақы алады», — деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр ҚМДБ имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнайы еңбекақы төлемейтінін айтады. Әкімдіктер өңірлік бөлімшелерге жағдайына қарай қосымша ақша бөліп отырады екен.

«Жалақысы тұрақсыз болғандықтан, имамдар қоғамдағы мәселелерді толыққанды шеше алмай отыр. Ауыл мешіттерінде білікті имамдаржетіспейді. Оларды жұмысқа тарту қиын шаруы», – деп түсіндірді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version