Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров жартылай орта салмақта Солтүстік Америка (NBA) уақытша чемпиондық белбеуін жеңіп алды, — деп хабарлайды Massaget.kz. Кездесу Нью-Йорк қаласында өтті.

Отандасымыз бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша Жаңқош Тұраров спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласынан қауқарлы екенін таныта білді.

f5334b2a2a969e629218d35aceb95385

Айта кетейік, 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ,  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт — 63,5 кг) чемпионы болатын.  

2 пікір

  1. Генади сияқты жігіт,қазақтан қашан шығады деп ойлайтынмын,Осы Жанқош техникасы удары бәрі керемет екен, келдіғойдим.Алға енді тоқтама!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version