Скаут қозғалысының ұйымдастыруымен өткен байқауға 600 астам шығармашылық жұмыс ұсынылды. Байқау ережесі бойынша қатысушылар қазақстандықтарды өзінің туған өлкесімен таныстыруы керек болатын. Осы орайда «Менің туған өлкем – Приозерное» тақырыбымен өзінің шығармашылық жұмысын ұсынған Артем Михайлев үздік атанды.
«600 адамның арасынан менің еңбегім үздік деп танылады деп ойлаған жоқпын. Бұл мен үшін тосын сый болды. Дегенмен, жағымды жаңалықты естігенде қуанышым қойныма сыймады», дейді Артем Михайлев.