Краковта өткен киберспорт турнирінде Қазақстандықтар бас жүлдені жеңіп алды

Краковта өткен PGL Major Krakow 2017 киберспорт турнирінде Gambit Esports командасы финалда Immortals құрамасын ұтып, бас жүлдені жеңіп алды. Олар Counter-Strike: Global Offensive бойынша 2:1 есебімен (4:16 @ de_cobblestone; 16;11 @ de_train; 16:10 @ de_inferno) үздік нәтиже көрсетті.

Финалдық кездесу:

Осылайша, ТМД-дан келген бестік чемпион атағымен бірге 500 мың доллар сыйақы жеңіп алды. Ал, бразильялық құрама екінші орынға табан тіреп, 150 мың долларға қол жеткізді.

Барлық кездесулердің видеосы:

Gambit Esports командасы осы уақытқа дейін тек екі рет қана жеңіліп көрген екен.

Айта кетейік, PGL Major Krakow 2017 киберспорт турнирі 16-23 шілде аралығында Краков қаласында өтті. Ондағы жүлделердің жалпы қоры бір миллион долларды құрады.