«Елімізге доллар емес, теңге керек. Бәр сәт дамылдап, йогадағы сияқты терең дем алып, долларды ұмытайық» деді Назарбаев.
Назарбаев Қазақстан экспортқа шығаратын негізгі тауар — шикізат бағасының арзандап жатқан тұста теңге бағамының құлдырауы дұрыс болды деген пікір білдірді.
Назарбаевтың сөзінше, егер Қазақстан теңге бағамын әлі ұстап тұрғанда «қазақстандықтар әлдеқайда кедейлене түсетін еді». Назарбаев «Теңге бағамы еркіне жіберілмегенде Қазақстан «ұлттық қордағы қаржысын жұмсап, кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық көбейетін еді» деді.
Назарбаев осыған орай қазақстандықтарды «жаңа жағдайда өмір сүруге» шақырып, мұнай бағасы артады деп үміттенбеу керегін айтты. Ол бұған қоса Астанадағы бірнеше сауда орнына барғанын, ондағы бағалар өткен жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда «арзандағанын» айтты.
Қазақстанымыздың көшбасшысы Нурсултан Әбішұлы айтып кеткендей «Елімізге доллар емес, теңге керек» деген сөзі өтте орынды, Бірақта еліміздің ірі кәсіпорындар шетелдік мекемелер болгасын Доллар біздің елімізден кетпей тұр. Менің ойымша еліміздің кәсіпкерлерімен жеке қожашылық иелеріне үкімет жер берсе деймін. Ойлап қарасақ Қазақстан жерінің көлемі улкен, байрағын жайып бос жатқан жерлер қаншама. Сол жерлерді Қазақстан халкына оңай жолымен беріп,жер салығымен басқада салықтарды алдағы 3 жылдықта қайтаратын болса, халық сол жерлерді өз игіліктеріне пайдаланып Мал өсіріп көбейтіп, жер жыртып егін егіп Қазақстан тенгесін көбейтіп Экономикага мол үлесін қосады деп білем. Қазіргі таңда халықтың ойы бар максаты бар біракта каражат тапшылығы еліміздің еңсесін басатыны сөзсіз ,Сол себепті Ата-бабамыздың мұра қылып калдырған Ұлан ғайыр қазақ жерінің топырағын Қазақстан халқы өзі пайдаланып өз өнімдерін өзге елге дәлелдейді деп сенемін. Әр отбасының байлығымен қуанышы Қазақстанның байлыгымен қуанышы деп білейік.