Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орынға тұрақтады

WBA Дүниежүзілік бокс қауымдастығы барлық салмақтағы боксшылардың рейтингін жасады.

Қанат "QAZAQ" Ислам

Аталған ретингте Қанат Ислам бірінші орта салмақ бойынша осы тұжырымдағы әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньодан кейінгі екінші орынға жайғасты.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасып жұргенотандасымыз Жанқош Тұраров  10-орынға тұрақтады.

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам бұл күнде WBA тұжырымының Fedelatin және Inter-Continental белдігінің иегері.

Астана қаласында өтетін кезекті жекпе-жегінде Қанат Ислам қарсыласы Брэндон Куктың WBA NABA белдігін жеңіп алуға мүмкіндігі бар. Қанат Ислам айқасының андеркартында жеңіліп көрмеген қазақстандық сегіз боксшы рингке шығады.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version