ҚР Қорғаныс министрі Ақтау, Бейнеу гарнизондарына жұмыс сапарымен барды

Салтанатты шығарып салу рәсімі Ақтау қаласындағы ҚР Әскери-теңіз күштері корабльдері мен кемелерінің орналасу пирсында өтті. Қорғаныс министрі бұл шараға Ақтау және Бейнеу гарнизондарын тексеру барысында қатысты.

Бұл туралы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов: «Бүгінде ешбір шығынсыз әскери машықта қарсыластық арқылы жауынгерлік шеберлікті таныту, кәсіби дағдыны жетілдіру мүмкіндігі бар болғаны — қуантарлық жағдай. Өз еліңнің намысын қорғай отырып, армия ойындарында өнер көрсету зор мәртебе. Жеңіс тұғырынан көріну – құрметке лайықты. Сіздерге адал әрі ымырасыз күрес, төрешілердің баға беруде дәйектілігі мен жеңіс тілеймін», — деді.

"Қазақстан" әскери кораблі

Айта кетейік, Армия халықаралық ойындарының «Теңіз кубогы» байқауы Әзірбайжан Республикасының Каспий су айдынында өтеді.

"Сарыарқа" әскери кораблі

Қорғаныс министрі жұмыс барысында «Игла-1М» заманауи тасымалданатын зениттік-зымыран кешенімен жабдықталған «Алатау» су жаңа жауынгерлік мина-тартқыш кораблін, тартқыш жабдығын, автономды суасты аппаратын, минаға қарсы іс-қимылдар мен мина іздеудің киль асты шығарылмалы гидроакустикалық жүйесін қарап шықты.

Әскер

Одан бөлек, нөмірі 75488, 25744, 99116 әскери бөлімдерінің жұмысын, ондағы құрылыс барысын егжей-тегжейлі тексеріп, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Ал, «Оймаша» оқу-жаттығу полигонына барғанда генерал-полковник «Батыс» өңірлік қолбасшылығы артиллериясы лагерлік жиынының өткізілу барысын тексерді.