«Армия ойындары — 2017» байқауы: Әскеріміздің дайындығы қалай?

«Армия ойындары — 2017» байқауы ТМД мен алыс шетелдің танкішілері, ұшқыштары, артиллерияшылары мен саперлері бақ сынасатын халықаралық сайыс. Биылығы жылы оған әлемнің 27 мемлекеті қатысады. Байқау барысында әскери қызметкерлер 30-ға жуық кедергілерден өтіп, бақ сынайды. Атап айтар болсақ, «Танк биатлоны», «Суворов тегеуріні», «Мерген шебі», «Әскери барлаудың үздіктері», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Авиадартс», «Аспан кілті», «Теңіз кубогы», «Теңіз десанты», «Тереңдік», «Десанттық взвод», «Эльбрус шығыршығы», «Ашық су», «Қауіпсіз бағдар», «Инженерлік формула», «Қауіпсіз орта», «Рембат», «Автоброньды танкті техника шеберлері», «Далалық ас үй», «Әскери-медициналық эстафета», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Қару шебері», «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» сайысы және тағы да басқа сынақтар бар.

Қазіргі таңда құрлық әскерлері додаға қызу дайындықты бастап кетті. Олар Әскери институтың полигонында дайындалуда. Ал, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Айша бибі» полигонында Халықаралық армия ойындарының бағдарламасындағы «Қару шебері» байқауына қатысатын әскери қызметшілердің дайындықтары өтуде. Жаттығу кезінде әскерилер 120 милиметрлік АД-30 гаубицасын, 23 милиметрлік ЗУ-23 зениттік қондырғысын далалық жағдайда жөндеу қимылдарын қайталап, кедергілерді кесіп өту арқылы орудияларды тасымалдау, оларды толық шашып-жинаудан да шеберілктерін арттырып жатыр.

Айта кетейік, халықаралық сайысқа қатысатын Қазақстан Қарулы Күштерінің командасында еліміздің әр өңірінде жұмыс істеп жүрген әскери қызметтің үздіктері топтастырылған. «АрМИ – 2017» ойындары шеңберіндегі бұл байқау биылғы тамыз айының басында Қытай Халықтық Республикасының «Қорла» полигонында өтеді.