Еліміздің оңтүстік жартысында жоғары қысымның әсерінен күн бұлттанғанымен, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда, ауа температурасы қалыпты нормадан аздап төмендейді.
Алдағы екі тәулікте оңтүстікте ең жоғарғы ауа температурасы +38°C-қа дейін барады, 22 шілдеде кей жерлерде 41ºС-қа дейін ыстық болады.
Солтүстік аймақтарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерінде екпінді жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Астана қаласына арналған ауа райы болжамы
20 шілдеде: күн ала бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +24+26°С.
21 шілдеде: күн ала бұлтты, жауын-шашынды, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.
22 шілдеде күн ашық болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.