Ауғанстанның әскери мамандары Қазақстанда даярлануы мүмкін

Бүгін еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Ауғанстан Ислам Республикасы ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ханиф Атмармен кездесті. 

Кездесу барысында екі елдің аймақтық қауіпсіздік жөніндегі серіктестігі қаралып, терроризм, діни экстремизммен бірлесе отырып күресу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ауғанстан елдеріндегі аймақтық және халықаралық ұйымдардың өзара байланысы, жұмыс нәтижелері сарапқа салынды.

Сондай-ақ, әскери мамандарды даярлау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан өз тарапынан ауғандық кіші әскери мамандарды даярлап шығуға ұсыныс білдірді. Яғни, алдағы уақытта артиллерия, авиация, бронетехника саласының мамандары біздің елімізде даярлануы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version