Геннадий Головкин: Мен бұл жекпе-жекті 20 жыл күттім

Геннадий Головкин Сауль "Канело "Альвареспен жекпе-жекте нағыз шоу көрсететінін айтты.

Көрнекі сурет

«Мен «Канело» сияқты қарсыласпен кездесуді 20 жыл бойы күттім. Сауль Альварес басқалардан ерекше. Ол — нағыз чемпион. 16 қыркүйекте біз керемет бокс шоуын көрсетеміз», — дейді GGG.

Геннадий Головкин бапкері Абель Санчес даярлаған жекпе-жек жоспарын толық жүзеге асырғысы келетінін де айтты.

GGG мен «Канелоның» жекпе-жегі Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне арналған билеттердің бәрі сатылып кеткен. Жекпе-жекті HBO  арнасы тікелей трансляция арқылы көрсетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version