2017 жылғы Конфедерация Кубогындағы ең үздік гол анықталды

ФИФА Халықаралық футбол федерациясы мексикалық Марк Фабианның жартылай финалда Германия қақпасына соққан голын "Турнирдің ең үздік голы" деп бағалады. 

Мексика құрамасының футболшысы Марк Фабиан ойынның 89-шы минутында немістердің қақпасына гол соқты. Бұл гол турнирдегі ең үздік деп танылғанымен, ойын нәтижесін өзгерте алмады. 4:1 есебімен Германия құрамасы жеңіске жетті.

Үздік бес доптың ішінде мексикалық Рауль Хименестің, португалиялық Андре Силваның, германиялық Керем Демирбайдың және Камерун құрамасынан Андре Франк Замбо-Ангиссаның соққан голдары бар.

Айта кетейік, Германия құрамасы финалдық кездесуде Чилиді 1:0 есебімен жеңіп, Конфедерация Кубогын жеңіп алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version