Басты бет Жаңалықтар Астана күнінде 38 жұп некесін қидырды

Астана күнінде 38 жұп некесін қидырды

Астананың туған күнінде жаңадан отау құрған жас жұбайлар некесін қидырды. Бұл мерекеде жас жұбайлардың некелерін қию рәсімі жыл сайынғы дәстүр саналып кеткен.

Биылғы Астананың туған күнінде неке қию салтанатына 18-ден 40 жас аралығындағы 38 жұп қатысты. Шара барысында жас жұбайларға Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар, түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылды. Неке қию кезінде әуеге шар ұшыру, той вальсін билеу, тәтті торттан дәм тату рәсімдері болды.

Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы жас жұбайлар үшін фотосессия ұйымдастырып, арнайы қолдау білдірді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version