«Сен үшін» атты кинода басты рөлді сомдаймыз — «Меломен» тобы

"Меломен" тобы шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен және болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Жігіттер ислам әндерін орындайтын ирандық әнші Сами Юсуфпен дуэт орындайтындарын айтты.

«Англиядағы ирандық әнші Сами Юсуфпен 4-5 жыл бұрын елімізге шақырып, бірге дуэт жазу үшін байланысқа шыққанбыз. Жақында әншінің Қырғыз елінде өткен арнайы кешіне шақыру бойынша бардық. Ол кештен рухани, шығармашылық сабақ алдық. Алдағы уақытта продюсерлердің қолдауымен дуэт мәселесі шешілуі мүмкін», — деді топ мүшелері.

Сондай-ақ, олар енді киноға да түспек.

«Әндер жазылып, бейнебаяндар жазылып жатыр. Cонымен қатар жақында біздің қатысуымызбен «Сені ойласам» телесериалы түсіріледі. Басты рөлді біз сомдаймыз», — дейді топ мүшелері.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version