Басты бет Жаңалықтар Моноқалаларды дамытуға арналған қаражат бес есеге өсті

Моноқалаларды дамытуға арналған қаражат бес есеге өсті

2018 жылдан бастап Қазақстанның моноқалалары тез қарқынмен дамиды. Келер жылы моноқалаларды дамытуға арналған қаражат 5 есеге артып, 37,8 млрд теңгені құрайды.

Биыл моноқалалар мен шағын қалаларды дамытуға бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге төмен.

Алайда, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша келесі жылы «үшінші деңгейдегі» қалаларды қаржыландыру 5 есеге ұлғайып, 37,8 млрд теңгеге жетеді. Ал 2019 жылы бұл қаражат көлемі 55,4 млрд теңгеге дейін жетпек.

2017 жылы дамыту бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары 7 өңірде ғана жүргізілуде. Олар: Қарағанды, Шығыс  Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Павлодар, Қостанай және Алматы облыстары. 9 моноқалада 14 жоба іске асырылатын болады.

Ең көп қаражат Қарағанды облысына бағытталады. Бұл аймақтағы шағын қалаларды дамытуға 3,3 млрд теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд теңгесі — Шахан кентінде қазандық пен жылу жүйелерін салуға, 1,2 млрд теңгесі Пришахтинскіде жылу магистралін қайта жаңартуға бағытталды.

Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Бұл аймаққа бөлінген бюджет — 1,5 млрд теңге.

Үшінші орында Жамбыл облысы — 1 млрд теңге.

Атап өтейік, 2018 жылы бюджеттік бағдарламамен «үшінші деңгейдегі» барлық қала (27 моноқала, 41 шағын қала) қамтылатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version