Басты бет Жаңалықтар «Альфа» банктен 65 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

«Альфа» банктен 65 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыдағы «Альфа» банкті кімнің тонағаны белгілі болды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

27 маусымнан бері жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нəтижесінде телефон қоңырауларын тексеру барысында 2 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі — банк қызметкері, ал екіншісі күзетші болып қызмет еткен.

«Күдіктілерден 65 млн 300 мың теңге көлемінде ақша тəркіленді. Екі күдікті де уақытша қамау абақтысына жөнелтілді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 27 маусым күні кешкісін «Арай» тұрғын үйінде орналасқан банк ғимараты тоналған еді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version