Басты бетҚоғамҚазақстандықтардың орташа...

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті

Мемлекеттік хатшының сөзіне сүйенсек, БҰҰ 2025 жылы әлемдегі қарт адамдардың саны 1 млрд 100 миллион адамға жетеді деп болжаған. Қазақстанда 60 жастан асқан қарттардың саны 2012-2016 жылдар аралығында 12 процентке өскен. Ал, орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде бұл көрсеткішті басты жетістік ретінде атап өтті.