Басты бет Жаңалықтар Жыл соңына дейін 4G еліміздің 50-ден астам ауданына қосылады

Жыл соңына дейін 4G еліміздің 50-ден астам ауданына қосылады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2017 жылдың соңына дейін еліміздің 51 аудан орталығында 4G қосылатынын хабарлады.

Министр Дәурен Абаев ауыл тұрғындарын, халықтың басым бөлігін сапалы байланысты Интернет желісімен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырғандығын айтты.

«Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылым құрудың нәтижесінде Интернет пайдаланушылардың саны 2016 жылы 77 проценті құрады. Халықтың 94 проценті 2G стандарттағы ұялы байланыспен, 87 проценті 3G, ал 69 проценті 4G стандартты қызметпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңында 51 аудан орталығы 4G желісіне қосылады және барлық аудан орталықтарының тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетті пайдалана алатын болады», — деді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version