Басты бет Экономика Қазақстанда тауардың бағасын тек теңгемен көрсету талап етілмек

Қазақстанда тауардың бағасын тек теңгемен көрсету талап етілмек

Тауардың бағасын ұлттық валютамен көрсетпеген кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Оны таныстырған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов аталған заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленгенін атап өтті.

«Экономиканы долларсыздандыру бойынша жүргізіліп отырған саясатты ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тауарды сатқан кезде оның бағасын ұлттық валютада көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жосықсыз, жөнсіз, әдепсіз, көрiнеу жалған жарнама үшін, сонымен қатар ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға әкімшілік жауапкершілік белгіленді», — деп баяндады министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version