Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында 214 түлек «Алтын белгіге» ие болды

Ақмола облысында 214 түлек «Алтын белгіге» ие болды

Көкшетау қаласында мектеп бітірушілерге арналған «Сәт сапар, түлектер – 2017!» атты салтанатты шара өтті.

Тәуелсіздік алаңында өткен жиынға қатысқан аймақ басшысы Мəлік Мырзалин алтын ұя аяулы мектептен түлеп ұшқан ұл-қыздарды құттықтап, сəт-сапар тіледі.

Мəлік Мырзалин

Салтанатты шарада Көкшетау қаласындағы №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының түлегі, «Үздік аттестат» иегері Инур Маратова өзінің ақжарма тілегін үш тілде жеткізді.

Осы күні Көкшетау қаласы бойынша 56 «Алтын белгі» иегерлеріне 100 мың теңге көлемінде, 24 «Үздік аттестат» иегерлеріне 70 мың теңге көлемінде сертификаттар табыс етілді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Ақмола облысы бойынша 4331 түлек алтын ұя мектептерінен түлеп ұшты. Оның 214-і «Алтын белгі» -де, 97 бала үздік аттестат иегерлері.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version