«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр қарға ұласады. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Солтүстік циклон суық ауа райын әкеледі
Метеорологтердің мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон ығысып келеді. Оның әсерінен алдымен батыс өңірлерде, кейін елдің басқа аймақтарында ауа температурасы төмендейді.
Алдағы күндері солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. 5-6 қарашада еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады. Ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі.
Өңірлерде ауа температурасы қалай өзгереді?
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің өңірлерінде ауа температурасы әртүрлі деңгейде өзгереді.
-
Батыс өңірлерде: түнде 0…+7°С, күндіз +3…+14°С;
-
Солтүстік-батыста: түнде -1…-8°С, күндіз +1…+15°С;
-
Солтүстік пен орталықта: түнгі температура -3…-8°С-тан 0…+6°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз +5…+13°С-тан +1…+10°С-қа дейін төмендейді;
-
Шығыста: түнде -3…-8°С-тан 0…+5°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-тан +7…+12°С-қа дейін көтеріледі;
-
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде: ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Еске салайық, Алматыда жыл басынан бері сауда саласында 2003 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру деректері де бар.