Басты бет / Жаңалықтар /
кепкен жеміс, базар, азық-түлік, сауда, көк базар
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыда азық-түлікке шекті үстеме қосу талабын бұзғандар анықталды

Алматыда жыл басынан бері сауда саласында 2003 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру деректері де бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сауда орындарында тұрақты мониториң жүргізіледі

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Азық-түлік бағасының қалыптасу тізбегіндегі делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия тұрақты түрде отырыс өткізеді. Комиссия ірі сауда орындарында, сауда желілерінде, супермаркеттерде, базарлар мен үй маңындағы дүкендерде заң талаптарының сақталуын тексеріп, бағаға талдау жүргізеді.

Кәсіпкерлерге 82 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру және сауда қызметін реттеу саласындағы өзге де заң талаптарын бұзу деректері бойынша кәсіпкерлерге қатысты 2003 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың жалпы сомасы 82 млн теңгеден асады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Қала әкімдігі қабылданып жатқан шаралар азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын сақтауға және сауда саласындағы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.

Еске салайық, Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?