Басты бет / Жаңалықтар /
Жапония, сакура
Фото: Richie Chan/Shutterstock

Алматы – Токио: көптен күткен әуе рейсі қашан ашылады?

Қазақстан келесі жылы Вена, Нию-Йорк және Милан қалаларына да тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Премьер-министрдің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев үкіметте журналистерге арналған брифиңде Қазақстанның инфрақұрылым, жол және энергетика салаларындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады. Ол халықаралық әуе қатынасына қатысты бірқатар жаңалықты да жариялады.

Вице-премьердің айтуынша, көптен бері талқыланып келе жатқан Алматы – Токио бағыты бойынша алғашқы рейс биыл 30 қарашада ұшады.

2026 жылдың 30 қарашасында Алматы – Токио бағытында бірінші әуе рейсі ұшады. Келесі жылы Вена, Нию-Йорк, Милан және басқа да жаңа әуе бағыттары ашылады, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Авиация хабтарын дамыту жоспарланып отыр

Нұрлыбаев халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда авиация хабтарын құру көзделген.

Хабтарда арнайы экономикалық аймақ режимі енгізіледі

Жоспар бойынша, авиация хабтары аумағында арнайы экономикалық аймақ режимі енгізіледі. Алайда брифиңде бұл режимнің нақты қай хабтарда және қашан іске қосылатыны туралы қосымша мәлімет айтылған жоқ.

Еске салайық, Қазақстан мен Жапония арасында жаңа әуе бағыты іске қосылады. Air Astana компаниясы 30 қарашадан бастап Алматыдан Токиоға ұшатын рейсті ашатынын мәлімдеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?