Басты бет / Жаңалықтар /
ЦентрКредит Банкі
Фото: ЦентрКредит Банкі

Ипотека, жөндеу, пәтерді бағалау және сату туралы хабарландырулар – bcc.kz қолданбасында

ЦентрКредит Банкі bcc.kz мобайл қолданбасында «Жылжымайтын мүлік» сервисін іске қосты. Мұнда баспана сатып алу, сату, жалға алу және үйді ретке келтіруге қажет барлық қызмет түрі жинақталған. Атап айтсақ, риелтор табу, мүлікті бағалау, ипотека, жөндеу және көшу сынды қызметтер бар. Әрбір маманның құжаттары қолданбадағы бөлімге орналастырылмас бұрын тексеріледі. Сонымен бірге олардың біліктілігі мен талаптарға сәйкестігі мұқият модерациядан өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үй сатып аларда жан-жақтан әр түрлі маман іздеп сабылудың қажеті жоқ. Енді оның бәрі бір жерде жиналған. Сұранысыңыз бен баспананың сипаттамасын жазсаңыз болды, мамандар бағасы мен орындау мерзімін ұсынады. Таңдау жасау да оңай: бұрынғы клиенттердің пікірі мен рейтингін қарап, ыңғайлысын таңдайсыз да, шартқа қосымшада-ақ қол қоясыз. Қол қоймай тұрып өтінімнен кез келген уақытта бас тартуға болады.

Бөлімде мынадай қызметтер ұсынылған:

  • Жылжымайтын мүлік агенттері – баспана сатып алу, сату, жалға беру және жалға алу.
  • Жылжымайтын мүлікті бағалау – ипотека, қайта қаржыландыру немесе кепілді ссуда үшін ресми есеп дайындау; дайын құжат қосымшада қолжетімді болады.
  • Пәтерді қабылдау — жаңа үйдің ішкі өңделуін, құбырлары мен сымдарын, терезе-есігін және бөлмелердің дұрыс соғылғанын тексерту. Анықталған әрбір мін ресми есепке жазылады, оны құрылыс компаниясына бірден ұсына аласыз. Ең бастысы, тексеруді қабылдау-өткізу актісіне қол қоймай тұрып жасатқан абзал. Өйткені қол қойылып қойса, құрылысшы тарап бұзылған не кем шыққан жерлерді тегін жөндеп беруге міндетті болмай қалады.
  • Интерьер дизайны – портфолиосы мен жоба құнына қарай дизайнер таңдау.
  • Тазалау және клининг – жөндеуден кейінгі, тазалау, күнделікті күтіп-ұстау және үйді жалға берер алдындағы тазалау.
  • Көшу – кез келген ауқымдағы көшуге арналған жүк тасушылар, көлік және орау қызметі.
  • JAÑA ипотека – банк бөлімшесіне бармай-ақ рәсімделетін онлайн-мәміле: сомасы 100 млн теңгеге дейін, мөлшерлемесі жылдық 5%-дан басталады, өтінім беру тегін. Процесс алдын ала мақұлдауды, нысанды бағалауды, түпкілікті мақұлдауды және нотариустағы мәмілені қамтиды.
  • Цифрлық ПӘК (ОСИ) – тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына арналған сервис: ПӘК шоттарындағы қалдықтар, шығындарды санаттарға бөлетін үзінді көшірмелер, ЭЦҚ арқылы қол қойылатын онлайн-дауыс беру, сондай-ақ ЖИ көмегімен жиналыс хаттамаларын автоматты түрде жасау.
  • Коммерциялық жылжымайтын мүлік – бизнес-клиенттер мен ЖК үшін кеңсе, сауда майданы мен қоймалар витринасы (bcc leasing арқылы лизингке рәсімдеу мүмкіндігі бар); алдын ала мақұлдау 60 секундта беріледі.
ЦентрКредит Банкі
Фото: ЦентрКредит Банкі

Сервисті пайдалану тегін: клиент тек өзі таңдаған қызмет үшін төлейді. Бағасы мен мерзімін орындаушы белгілейді, шарттар тікелей келісіліп, келісімшартта бекітіледі. Қызметтерді банк емес, серіктестер көрсететінін ескеру маңызды. Даулы жағдай туындағанда шағымдар келісімшарт аясында қаралады, сонымен қатар пікір қалдыруға да болады.

Бұл сервис bcc.kz қолданбасын ұстайтын Қазақстан азаматтарына қолжетімді. Тек әр қаладағы маман саны әртүрлі болуы мүмкін, оны тапсырыс берерде анықтай аласыз. Бөлімді табу өте оңай: bcc.kz қолданбасына кіріп, «Сервистер» деген жерден «Жылжымайтын мүлікті» таңдасаңыз болғаны.

Бөлім туралы толық ақпарат ЦентрКредит Банкінің ресми сайтында жарияланған.

ҚНРДА 05.08.2026 жылы берген № 1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясы.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?