Басты бет / Жаңалықтар /
Фатима Сұпығалиева
Фото: туризм және спорт министрлігі

Тұңғыш қазақ қыз. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы болды

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер олимпиадасынан алтын жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Финалда португалиялық спортшыны жеңді

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, финалдық белдесуде қазақ спортшы Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Сұпығалиева иппон әдісін орындап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Финалдық кездесу 2 минут 33 секундқа созылды, – делінген ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Бір айта кететіні, Фатима Сұпығалиева — дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасын бағындырған тұңғыш қазақ қыз.

Естеріңізге салайық, Жапонияда өтіп жатқан V Азия пара ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары пара велоспорттан екі алтын мен бір күміс медаль жеңіп алды.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?