Басты бет Видео Оңтүстік Қазақстанда бадам гүлдеп жатыр

Оңтүстік Қазақстанда бадам гүлдеп жатыр

Оңтүстік Қазақстанда көктем ерте келген сыңайлы. Бірнеше күннен бері өңірде күн ашық, жылы ауа райы сақталып, өсімдіктер гүлдей бастады, деп хабарлады Астана телеарнасы.

Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының тұрғындары гүлдеп тұрған бадам ағашын (миндаль) видеоға түсірген.

Ролик авторлары бұл ерекше жағдайға таңданыстарын жасыра алмады, бұл ағаш әдетте ақпанның соңында немесе наурыздың басында гүлдейді.

Тұрғындар мұны күннің 14 градусқа дейін жылынуынан деп отыр. Алайда синоптиктер келесі аптада қар жауады деп болжауда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version