Басты бет / Жаңалықтар /
Қоқыс сұрыптау зауыты
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Семейде нәрестесін қоқысқа қалдырған экс-полицей өмір бойына сотталды

Семейде қоқыс контейнерінен мәйіті табылған нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Сәбидің 26 жастағы әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал 21 жастағы анасына екі жыл түрме жазасы тағайындалғанымен, ол рақымшылыққа ілінді. Екеуі де бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

КТК телеарнасының мәліметінше, әйел жүктілігін жасырып, қызын үйінде босанған. Кейін ол сәби өлі туғанын айтып, ақталған.

Тергеу сәби тоңып қайтыс болғанын анықтады

Тергеу барысында нәрестенің тоңып қайтыс болғаны анықталған. Сонымен қатар баланың өліміне әкесінің де қатысы бары белгілі болды. Ол сәбиді қоқыс жәшігіне қалдырған.

Іс бойынша сот ата-анасының екеуін де кінәлі деп танып, арнайы атақтарынан айырды.

Әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Судья Нияз Хасенбаев баланың әкесіне қатысты үкімді жариялады. Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал 21 жастағы анасына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Алайда ол рақымшылыққа ілінген.

Еске салайық, Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған оқиғаға қатысты әйел анықталып, полицияға жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?