Басты бет / Жаңалықтар /
оқушы, мектеп, сабақ
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда 47 оқушы ауруханаға жатқызылды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Тағы сегіз бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, балалар 2026 жылғы 12–13 қазан аралығында балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Мектеп пен ас блогының жұмысы тоқтатылды

Оқиғаға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысын уақытша тоқтату туралы қаулы шығарды.

Мамандар тексеру жүргізіп жатыр

Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алған.

Оқушылардың неден ауырғаны және инфекцияның ықтимал таралу көзі туралы әзірге нақты ақпарат берілген жоқ.

Еске салайық, Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында күйік бөлімшесін ашуға бөлінген 223 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?