Басты бет / Жаңалықтар /
автожол, трасса, көлік,
Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстанда жол сапасын жақсарту үшін жаңа реформа әзірленеді

Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Ол жол құрылысының қолданыстағы жүйесін, сапаны бағалау тәсілдерін қайта қарап, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жол құрылысы жүйесі қайта қаралады

Үкіметтің мәліметінше, жұмыс тобының негізгі міндеті – жол инфрақұрылымын жақсарту, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету. Бұл ретте саланы басқарудың жаңа тетіктерін енгізу, соның ішінде цифрлық шешімдерді қолдану мәселесі де қарастырылады.

Үкімет хабарламасында жаңа тәсілдер автожол саласын басқару тиімділігін арттыруға және жол сапасын жақсартуға бағытталатыны айтылған.

Жұмыс тобына кімдер кірді?

Жұмыс тобына премьер-министрдің бірінші орынбасары жетекшілік етеді. Оның құрамына көлік, өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, сонымен қатар бірқатар ұлттық компания мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері енді.

Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Мемсараптама» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері бар. Сонымен бірге жұмысқа сала сарапшылары мен құрылтай депутаттары қатысады.

Премьер-министр жұмыс тобына 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Құжатта заңнамалық өзгерістер де қамтылуы керек.

Еске салайық, Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?