14 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Ал елдің оңтүстігі мен батысындағы қалалардың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады
Астанада күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +1…+3, күндіз +14…+16 градус болады.
Көкшетауда жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +4…+6, күндіз +10…+12 градус шамасында болады. Қостанайда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Мұнда түнде +2…+4, күндіз +16…+18 градус болады.
Павлодар мен Петропавлда жаңбыр жауады. Екі қалада да түнде ауа температурасы +3…+5, күндіз +7…+9 градусқа дейін төмендейді. Семейде жаңбыр жауып, түнде +4…+6, күндіз +10…+12 градус болады. Өскеменде де жаңбыр жауады: түнде +3…+5, күндіз +8…+10 градус күтіледі.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты болады. Түнде ауа температурасы +1…+3, күндіз +15…+17 градусқа жетеді. Жезқазғанда түнде +5…+7, күндіз +20…+22 градус болады.
Оңтүстікте күн жылы болады
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +8…+10, күндіз +19…+21 градус болады. Қонаевта күндіз +20…+22 градусқа дейін жылынады, түнде +7…+9 градус болады.
Шымкент пен Түркістанда күндіз ауа температурасы +24…+26 градусқа дейін көтеріледі. Екі қалада да жауын-шашын болмайды. Алайда Түркістанда желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Таразда түнде +6…+8, күндіз +19…+21 градус болады. Талдықорғанда түнгі температура +2…+4, күндізгі температура +20…+22 градус шамасында болады. Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +24…+26 градусқа жетеді.
Батыс өңірлерде де күн салыстырмалы түрде жылы болады. Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күндіз +22…+24 градус күтіледі. Ақтауда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +22…+24 градус болады. Атырауда жауын-шашынсыз, күндіз +23…+25 градус күтіледі. Оралда күндіз ауа температурасы +22…+24 градусқа дейін көтеріледі.
Еске салайық, Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қай күні өтетінін жариялады.