Басты бет / Жаңалықтар /
HomeView
Фото: Apple

«Отбасы мүшелерін жеке тани алады». Apple жаңа құрылғысын таныстырды

Apple компаниясы жасанды интеллект негізіндегі Siri көмекшісімен жабдықталған HomeView атты жаңа смарт-үй құрылғысын таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Басты ерекшеліктері

HomeView алты адамға дейін тани алады. Осы арқылы ол әр пайдаланушының жеке профиліне автоматты түрде ауысады. Интерфейс адамның құрылғыдан қашықтығына қарай өзгереді: алыстан қарағанда экранда ірі элементтер көрсетілсе, жақындағанда толығырақ ақпарат шығады.

Жүйе Apple Intelligence және Siri көмегімен жұмыс істейді. Дауыс көмекшісі ақпарат іздеу және тапсырмаларды орындау кезінде iPhone құрылғысындағы контексті пайдалана алады. Компания бұл ретте пайдаланушылар құпиялылығын сақтауға мән беретінін атап өтті.

Пайдаланушылар Siri дауысының мәнерлілігі мен сөйлеу қарқынын қосылған құрылғы арқылы реттей алады. Жасанды интеллектпен әңгіме әртүрлі гаджет арасында синхрондалады.

HomeView
Фото: Apple

HomeView қанша тұрады?

Сатып алушыларға құрылғының екі нұсқасы ұсынылады: үстелге арналған және қабырғаға ілінетін модель. Қабырғаға бекіту үшін Schneider Home компаниясының үш түрлі бекіткіші қарастырылған.

HomeView бағасы — 133 851 теңге  (299 доллар). Құрылғыға алдын ала тапсырыс беруге болады, ал алғашқы жеткізілімдер 13 қарашаға жоспарланған.

HomeView
Фото: Apple

Құрылғы туралы

Жаңа құрылғы 7 дюйм болатын Liquid Retina дисплейімен жабдықталған. Алюминий корпусы тот баспайтын болаттан жасалған күмбез пішінді динамик-тұғырмен біріктірілген. Экранның көлбеу бұрышын реттеуге арналған топса қарастырылған.

Дисплей True Tone технологиясын қолдайды. Оның жарықтығы 0,3-тен 500 нитке дейін реттеледі.

HomeView кеңістік дыбысына арналған екі динамикпен жабдықталған. Құрылғының негізінде төмен бағытталған төмен жиілікті сәулелендіргіш пен дыбыс қысымын теңестіруге арналған екі пассив резонатор бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Apple таныстырылымдары, бір нөмірді екі iPhone-да қатар пайдалану мүмкіндігі және Қазақстандағы iPhone 18-дің бағасы туралы жазылған еді.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?